Бүгін қазақтың сүйікті ақыны – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл!
Бүгін ақиық ақын Мұқағалидың туғанына тоқсан жыл. Өз заманында билік тарапынан тиісті деңгейде сый-құрмет көрмегенімен, Мұқағали қалың қазақтың махаббатына бөленген бақытты ақындардың бірегейі. Өйткені қазір тұтас дәуірге жүк болардай мұра қалдырған ақын өлеңдерін еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін сүйіп оқиды. Бүгін иісі қазақтың сүйікті ақыны - Мақатаевтың туған күні. Тұла бойынан тұма жыр төгілген қаламгер небәрі 45 жасында келместің кемесіне мінген еді. Бірақ әрбір өлеңіне қазақтың қасиетті әрі, қасіретке толы тағдырын арқау етіп кетті. Жазушы Несіпбек Дәутайұлы ғасырда бір туатын талант иесі күллі әлемге қара өлеңнің қасиетін сезіндіре алды дейді. Айтуынша, әр жырында тұтас бір ғылыми еңбекке жүк болатын ой айту соның айғағы. НЕСІПБЕК ДӘУТАЙҰЛЫ, жазушы: – Өмірдің болмысын, көңіл-күйдің әртүрлі қырын себелетіп әкеліп, жауындай төгіп жіберетін ақын бір ғасырда бір туатын болуы керек. Мұқағали дегенде мен осыны ойлаймын. Мұқағали дегенде осындай көзқараста боламын. Бұл Хан тәңірдің мұзбалағы атанып кеткен ақынның өз дауысы. Жыры да, ойы да ерек. Қазақтың өзіндей қарапайым. Ешқандай пафос жоқ. Тек рухани толысқан жанның пайымы ғана. Ақын Мейірхан Ақдәулет Мұқағалидың дәл осындай жырлары жұрттың жадында тез жатталып, өлеңсүйер қауымды баурап алғанын айтады. МЕЙІРХАН АҚДӘУЛЕТ, ақын: – Өлеңін қай кезде де қандай көңілмен жазса да өлеңде өтірік айтпаған адам. Сосын бірден танылды. Жұрттың бәрі біледі. Қазақтың қарапайым, өте құнарлы, өте терең сөзімен сол қазақтың өзінің жанын жырлады деуге болады. Кеше ақынның туған топырағында жаңа жинағының тұсауы кесіліп, 90 жылдық мерейтойы басталды. Бәлкім, Төлеген ақынша бейнелеп айтқанда, бұл той енді мәңгілік тарқамайтын да шығар... Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured/featured Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Мұқағали_Мақатаев #сүйікті_ақын #қазақтың_жұлдызы
Название:
Бүгін қазақтың сүйікті ақыны – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл!
Категория:
Разное