АЛТЫН ОРДА КІМНІҢ ТАРИХЫ | САРАПТАМА
Жүздеген жылдар бойы сан ұрпақ «Ұлытауға бардың ба, ұлар құсын көрдің бе» деп өсіп өнді. Жошы хан туралы естеліктер мен ол туралы Ақсақ құлан күй-аңызы рухымызда, Ұлытаудан әрбір тасы мен сай саласында сайрап жатыр. Алтын Орда немесе Ұлық ұлыстың тарихи мұрасын бір кісідей еншілеген халық болса, ол біздің қазақ. Әдетте қазіргі орыс империясының мемлекеттілігі сол Орданың тарихынан тамыр тартады дегенді естиміз, болмаса өзімізге ет жақын Ноғай, Қарақалпақ, Қырым мен Қазан татарлары тіпті Өзбек бауырларымыз да бір есептен елдігін Ұлы дала империясымен байланыстырады. Алтын Орда кімдікі? 3 ғасыр Еуразия даласында үстемдік құрған империяның тікелей мұрагері кім? Бұл тақырыпты қозғауға өткенде Астанамызда өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық жиын түрткі болып отыр. Себебі ақпарат айдынында Қазақ елі Алтын Орда мемлекетінің мұрасын меншіктеуге тырысып жатыр деген сарындағы сандырақтарды да естіп қалып жатырмыз. Хош сонымен Ұлық ұлыс туралы аз-кем әңгіме өрбітіп білгенімізбен бөліссек. Ал сіз патша көңілді көрермен, арнамызға жазылмаған болсаңыз жазылып, лүпіл басып, пікір жазып тақырыпқа ой қоса отырыңыз. Бісміллә деп бастайық. #білгендұрыс #қазақстан #жаңалықтар #алтынорда #қазақхандығы
Название:
АЛТЫН ОРДА КІМНІҢ ТАРИХЫ | САРАПТАМА
Категория:
Разное