Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот басталды
Атырау облысында бір отбасының 4 адамын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот отырысы басталды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта алдын ала тыңдау өтті. Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылып отыр. Оның ішінде қасақана кісі өлтіру, ұрлық және алаяқтық қылмыстары бар. Судья Зарема Хамидуллинаның айтуынша, айыпталушы кінәсін мойындағанымен, іс нақты дәлелдермен жан-жақты зерделенеді. Тергеу материалына сәйкес Сәрсемәлиев алғашқы қылмысты былтыр мамыр айында жасаған. Наурыз Мұқанғалиевті жалдамалы пәтерде пышақтап, денесін сол маңға көміп тастаған. Кейін қараша айында тағы 3 адамның өмірін қиған. Сот қаулысымен басты сот отырысы 28 мамыр күні сағат 10:00-ге белгіленді. #жаңалықтар #новости #24KZ #хабар24 #казахстан
Название:
Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот басталды
Категория:
Разное