Елек көпірі 4 күнге жабылады
Елек өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы сапасыз жүргізілген. Осыған орай ертеңнен бастап көпір 4 күнге жабылмақ. Бұл жерде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Құрылысшылар көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі. Елек өзені арқылы өтетін көпірден Ақтөбе-Орск автожолына дейінгі аралықты да қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынуда. Бұл жерде жөндеуден өтетін жолдың ұзындығы 9,2 шақырым. Көпірді қалыпқа келтіру жұмыстары ертең таңғы сағат 9- да басталады. 26-қыркүйекке дейін жалғаспақ. Жол полицейлері аумаққа уақытша белгі қойып жатыр. Көлік қозғалысының сызбасын әзірлеген. Жүк көліктері оңтүстік пен солтүстік айналма жолдары арқылы қатынаса, жеңіл көлік иелері Сүт зауыты айналма жолы арқылы Заречный ауданына өте алады. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv
Название:
Елек көпірі 4 күнге жабылады
Категория:
Разное