Келіндер сайысы.Құралай Қонысбайқызы. Ақкелін.Келінжан
Қосбұлақ ауылдық клубының жылдық жоспарындағы маңызды шаралардың бірі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Өнегелі келін – ұлт мақтанышы" атты келіндер сайысы жоғары деңгейде өткізілді. Бұл сайыс – қазақтың дәстүрлі құндылықтарын дәріптеп, ибалы келіннің бейнесін насихаттауға бағытталған ерекше шаралардың бірі болды. Ауылдың ибалы, шебер, өнерлі келіндері өзара сайысқа түсіп, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, жан-жақты қабілеттерін көрсетті. Байқауға Қосбұлақ ауылының төрт келіні қатысып, олар алты кезең бойынша сынға түсті. Сайыс барысында келіндер өздерінің қолөнер, ас дайындау, салт-дәстүрді білу, өнер көрсету, шешендік қабілеттерін көрсету сияқты түрлі тапсырмаларда бақ сынады. Әр кезеңде олар өздерінің тапқырлығы мен шеберлігін паш етіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Қазылар алқасы: Жанбозова Сәнжан Әлиманқызы – Маңғыстау аудандық "Ақтілеу" халықтық Әжелер ансамблінің мүшесі, "Күміс алқалы" ана, МА Қазақ аналары-дәстүрге жол" ҚБ-нің төрайымы; Қасымова Гүлжамила – Маңғыстау аудандық орталық кітапхананың директоры, "Мәдениет саласының үздігі"; Сүйеуова Жазира – Маңғыстау аудандық ІӘБ төрайымы, “Айдай сұлу” ұлттық киімдер брендінің негізін қалаушы. Қазылар алқасының әділ шешімімен: Бас жүлдені – Әмірова Бағила жеңіп алды; І орынды – Сақтағанова Ақкенже иемденді; ІІ орын – Қонысбай қызы Құралайға бұйырды; ІІІ орынға – Әндірғалиева Айнұр лайық деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Байқау барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, өзара тәжірибе алмасып, келіннің қоғамдағы рөлін жаңа қырынан танытты. Кешті ауыл өнерпаздары әсем әнмен әрлеп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, сайысқа қатысқан барлық келіндерге ынталандыру сыйлықтары табыс етіліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды. Осы кешке қолдау білдірген: Маңғыстау аудандық мәдениет үйінің директоры Дастан Турашевқа; “Айдай сұлу” ұлттық киімдер брендінің негізін қалаушы Сүйеуова Жазираға; Қосбұлақ ауылының жеке кәсіпкері Гүлзира Бапановаға ерекше алғыс білдіреміз. Осындай тағылымы мол іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге үлкен үлес қосатынына сеніміміз мол!
Название:
Келіндер сайысы.Құралай Қонысбайқызы. Ақкелін.Келінжан
Категория:
Разное