ENU Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады!
5 маусымнан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде талапкерлерден құжат қабылдау басталды. 📚 Биыл талапкерлер: ▪️ 87 бакалавриат бағдарламасы; ▪️ 120 магистратура бағдарламасы; ▪️ 61 докторантура бағдарламасы бойынша оқуға түсе алады. ✨ Жаңа оқу жылында магистратураның екі жаңа бағдарламасы іске қосылады: 🔹 «Жарық техникасы» 🔹 «Цифрлық криминалистика» 💻 Қабылдау үдерісі одан әрі цифрландырылды. Енді білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа eGov Mobile қосымшасы арқылы QR-кодпен қол қоюға болады. 🎯 Биыл ЕҰУ-ға түсу үшін шектік балл білім беру бағдарламасына байланысты 90-нан 127 баллға дейін өзгеріп отырады. 📞 Қабылдау мәселелері бойынша кеңес алу үшін: 8 (7172) 57-49-80 8 (7172) 57-49-59 🔗 Толық ақпарат: enu.kz
Название:
ENU Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады!
Категория:
Разное